Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ ахуалымен танысты

Аймақ ахуалымен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын қадағалау үшін арнайы іссапармен Қызылорда облысына келді. Ол облыс әкімдігі ғимаратында өткен мәжіліс барысында СК-Фармация басшысына облыстың медициналық мекемелерінің дәрі-дәрмекпен бір айлық қоры көлемінде қамтамасыз етуге баса назар аудару керектігін тапсырды.
Сонымен бірге бір апта ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары тағы да қосымша облыс мекемелеріне жеткізілетіні белгілі болды. Ал 26 шілде күні өңірге қосымша қажетті 200 оттек концентраторы жеткізіледі. Бұндай көлемдегі құрылғы облыс қажеттілігін толықтай өтейтін болады.
Ералы Тоғжанов коронавирус індетінің одан әрі таралмауы және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жергілікті халықтың санитарлық нормаларды сақтауына да байланысты екендігін атап өтті.
– Күні кеше облыстың кей аудандарында той мен жиындар өткізілген. Дәрі-дәрмек пен қажетті медициналық көмекпен мемлекет толық қамтамасыз етуде. Алайда індеттің таралмауы мемлекеттің ғана емес, халықтың да жауапкершілігіне байланысты, – деді.
Бұдан кейін Ералы Тоғжанов облыстық жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жедел жәрдем жұмысының мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел шақыртулар тәулігіне 2500-ден асып, жүктеме 2 есеге артқан. Дегенмен қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны азайған. Ал соңғы 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақыру саны 39 процентке төмендеген. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция 82,5 процентке, пневмония деңгейі 60 процентке төмендеген. Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 проценті стационарға жатқызылып, бүгінде 45,3 бөлігі тасымалданып, жатқызу көрсеткіші 79,3 процентті құрап отыр. Яғни ауыр түрдегі науқастардың азайғаны айтылды.
Вице-премьер жеделжәрдем станциясының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі Сall орталықтың жұмыс процесін де бақылады. Әрбір түскен қоңырауға жауапты диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген. Мұндағылар бүгінде вирус індеті басылғандықтан шұғыл қоңыраулар азайғанын айтады. Жедел жәрдем қызметі науқастарға уақытылы жетуін іске асыруда жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтар қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 161 мобильді бригада бар.
Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында болды. Ондағы науқастар мен дәрігерлердің жағдайын сұрады.
Негізінде аурухана ғимараты 1998 жылы пайдалануға берілгендіктен жағдайы жақсы. Мұнда жалпы саны 525 төсек орны қарастырылған. Емдеу мекемесінде 1300-ден астап қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 200 дәрігер, 574 орта буын, 326 кіші медицина қызметкері. Бұдан бөлек 235 басқа да маман иелері еңбек етеді.
Айта кету керек, көпбейінді облыстық ауруханасы бүгінде толық электронды құжат айналымына көшірілді. Онда 17 өкпені жасанды желдету аппараты, 300 оттегі баллоны, 6 оттегі концентраторы бар. Бір тәулікте 60 оттегі баллоны пайдаланылады. Науқастарға арналған 30 төсек орындық инфекциялық стационар, 70 фильтр бөлмелері ұйымдастырылған. Бүгінгі күні стационарда 7, фильтр бөлмелерінде 38 адамға емдеу жұмыстары жасалуда. Ал оларға ем-дом жасап жүрген ақ халаттылар уақытша облыстық ардагерлер үйіне орналастырылған.
Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен ел үкіметі COVID-19 бен күресті күшейткені белгілі. Осыған орай қалалар мен ауылдарға дәрі-дәрмектің жеткізілуі, бағалардың тұрақтылығы мен ауруханалардағы орындардың қолжетімділігін қалыптастыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Ал лауазымды тұлғалар жұмыстың орындалу барысын бақылауды күшейтті.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 шілде 2020 ж. 460 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930