Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отыр

Қазалы ауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отыр

Қазалы ауданында жер қатынастарының жағдайы және жылдық есебінің орындалуы туралы мәселе қаралды.
 Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен басқосудың күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов хабарлама жасап, Қазалы ауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отырғанын атап өтті.
 «2020 жылы жерлерді заңсыз иемденіп, құм, саз алған 4 серіктестік пен 1 мекеме және 1 жеке тұлға анықталып, заңдылықтарға сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік шара көрілді. Жыл басынан бері Басықара ауылынан заңсыз құм алып жатқан тағы бір тұрғын анықталып, шара көру үшін тиісті департаментке хат жолданды», – деді Еркін Нұржаубайұлы.
Сондай-ақ, бөлім басшысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу, жердің бір бөлігін басқа мақсатқа пайдалану, жер учаскесін заңсыз артық пайдалану, акционға ұсынылатын жерлер, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аймақтар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен айтып берді.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бөлім басшысына карьер мәселесіне байланысты кәсіпкерлердің құжаттарын дайындауды бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін табыстамаған ауылдық округ әкімдеріне белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Басқосу мұнан соң аппарат мәжілісіне ұласып, онда маңызды мәселелер қаралды.
Мәжілісте алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев аудандағы жұмыспен қамту мәселесі және әлеуметтік төлемдердің жағдайы туралы баяндама жасады.
Ал, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселене қатысты атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
 «Ауданда 7 наурыз бен 9 мамыр аралығында санитарлық тазалық айлығы болып белгіленіп, сенбіліктер ұйымдастырылды. Нәтижесінде қала, кент және елді мекендер аумағынан 7300 текше метр қоқыс жойылып, 2800 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар арнаулы орындарға шығарылды. Аталған шараларға мыңнан астам адам мен 25 арнаулы техникалар жұмылдырылды. Одан бөлек, 20 наурыз күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Таза табиғат» ұлттық жобасының тұжырымдамасына байланысты «Бірге таза Қазақстан», «Мекенім – жасыл орманым» атты акциялар өткізілді. Акция барысында қала, кент және ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, 4 мыңнан астам көшеттер мен қаламшалар отырғызылды», – деді Жасұлан Жиентайұлы.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріп, елді мекенге кіре берістен бастап тап-таза болу қажет екендігін ескертті. 
29 наурыз 2021 ж. 2 080 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930