Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатта әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау ұсынылды

Сенатта әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау ұсынылды

Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдау кезінде Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет екенін айтты.
Ұлттық құндылықтарымызды мемлекет пен қоғам дамуының барлық деңгейінде кеңінен пайдалану міндеті тұр. «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта талай дәуірлеген кездеріміз де болған, талай басымыздан бақ ауып, кері кетірген замандарға да кез келгенбіз» деп Елбасы айтқан сөз тарихи ақиқатымен қымбат, - дейді ол.
Оның сөзінше, біз мемлекет ретінде әрқашан бейбітшілік жолын таңдаған елміз. Ұлы дала төсінде еркін өскен елміз. Табиғаты да, пейілі де таза елміз. Ата-баба аманатымен ұлықтаған елміз. Тәуелсіздіктің рухы да осы бабалар сөзімен ұштасады.
Ұлттық менталитетті дамыту үшін жаңа көзқарастар, жаңа бағдарламалар қажет. ХХІ ғасырда рухы биік әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай кемел ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Әрі жастарды ең бастысы – еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл - ең маңызды мәселелердің бірі, - деп түсіндірді депутат.
Қазір коронавирус індетіне қоса, экономикалық-әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да таратыла бастады.
Жалған ақпараттар сол вирусты әлеуметтік желілер арқылы тез арада таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет. Бұл сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнамалық тұрғыда реттеу және олардың құрылтайшыларының заң алдындағы жауапкершілігін көтеру үшін қажет, - деп есептейді Бақытжан Жұмағұлов.
Депутаттың айтуынша, жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды.
Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылай жаһандық когнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр. Біз үшін еліміздің өркендеуі ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына, - деп айтты ол Сенатта.
30 наурыз 2021 ж. 2 238 0

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 88

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031