Чиптің жетіспеушілігінен смартфондар қымбаттайды
Кез келген электронды құрылғының «миы» саналатын компьютерлік чиптердің әлемдік тапшылығы өсуде. COVID-19 пандемиясы автомобильдердегі кейбір электронды компоненттерге арналған чиптердің жеткізілуіне әсер еткендіктен автокөлік өнеркәсібі де қатты зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көптеген автомобиль өндірушілер чиптердің жетіспеуіне байланысты өндіріс орындарын жабуға мәжбүр болды. Ендігі кезек "ақылды смартфондарға" келді. Мәселен Xiaomi смартфондары чиптердің жетіспеушілігіне байланысты қымбаттауы мүмкін.
Xiaomi президенті бөлшектердің жетіспеушілігі компанияның шығындарын арттыратынын мәлімдеді. Демек, бұрын қолжетімді болған қытайлық гаджеттердің бағасы көтеріледі.
Айта кетейік, чиптердің жетіспеушілігі Apple, Huawei, Samsung, Sony, Microsoft сынды смартфон шығаратын алпауыт компанияларға да кесірін тигізіп жатыр.