Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша бой көтереді

Балабақша бой көтереді

Өткен аптада облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ сессиясына қатысты.
Күн тәртібінде «2021-2023 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ бюджеттері туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар туралы түйткіл қаралды. Мәселеге байланысты Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.
Сессиядан соң облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Қазалы ауданында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай 2021 жылы жол жөндеу және құрылыс саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды сөз етіп, құжаттары дайын жобаларға қаржы бөлуге ықпал жасауын сұрады.
Наурызбай Сейітқалиұлы жиында айтылған мәселелер алдағы облыстық мәслихат сессиясында қозғалатынын жеткізіп, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен оң өзгерістерге ризашылығын білдірді.
Ауданға сапары барысында облыстық мәслихат хатшысы аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков және аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарын көріп шықты.
Алдымен күрделі жөндеуден өткізілген Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің жұмыс барысымен танысып, кәсіптік негіздегі білім беретін әрі болашақ мамандарды даярлайтын колледж ұстаздардың жұмысы жауапты екендігіне тоқталып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Кездесуде колледж директоры Арман Мұсаев акт залы мен спорт залының төбесінен су тамшылап тұрғанын айтып, ғимараттың төбесін жабуға көмектесуді сұрады.
Мұнан кейін Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасына ат басын бұрып, мекеменің жұмысымен ­танысты. Апаттық жағдайда деп танылған балабақшаға жаңа ғимарат қажет. Қазіргі таңда 140 орындық мекеме құрылысының жобасы әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Балабақша құрылысын қаржыландыруға облыстық бюджетке өтінім тапсырылған.
Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов колледж бен балабақшаға қажетті қаржыны алдағы уақытта қарастыратынын айтып, көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.
Мұнан соң қала мен кент аралығындағы жолды кеңейту кезінде қайта салынып жатқан «Оң жаға» каналындағы көпір құрылысымен ­танысты.

А.ЖОЛТЕРЕК
16 наурыз 2021 ж. 2 464 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 90

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 94

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 96

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728