Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Харекет” сыйлаған қуаныш

“Харекет” сыйлаған қуаныш

Көктем – мейірімділік маусымы. Жылылықтың аңқыған жұпар иісі бойыңа ерекше күш-қуат дарытады. Жуанның жұқарып, жіңішкенің үзілер шағында адамзат баласының кеудесіне үкілеген үміттің отын қайта маздататыны рас. Наурыз кіргеннен жақсылықтың хабары жететіндей, көптен көңіл түкпірінде жатқан арман-тілек орындалатындай болып көрінеді.
Бұл жолғы көктем Айдананың отбасына зор қуанышпен жетті. Бір кездері тағдыр соққысына ұшырап, аяулы жарынан қапияда айырылып, төрт баласымен тауқымет тартқан оның арманы баспанаға қол жеткізу болатын. Бейсенбі күні бұл шаңырақ көптен күткен шаттыққа кенелді.
«Әр қазақ менің – жалғызым» дейді батыстық ақын Сабыр Адай. Сол секілді қоғамның әр мүшесіне жанашырлықпен қарайтын жандар, ұйым мен белсенділер көптеп кездеседі. Олардың алғы шебінде елімізге белгілі республикалық «Харекет» қоры да бар.
Осы уақытқа дейін аталмыш қордың ұйымдастыруымен Қазалы ауданы бойынша 6 отбасына жаңа қоныс кілті табысталған.
– Елде болса ерінге тиеді деген бар. Көптің қолдауы әрі ел-жұрттың көмегімен бүгін бір отбасына пәтер сыйладық. Бұл кісілер түрлі қиындықтар көрген. Ал бүгін қуаныштарына ортақтасудың сәті түсті. Енді үйлерін заңды түрде рәсімдеп береміз. Әр қазақ баспаналы болсын дегім келеді. Барша көмектескен жандарға үлкен алғыс білдіремін, – дейді қор өкілі Айдос Таңбышов.
Жалпы бұл игілікті үрдіс еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып келеді. Қазіргі таңның өзінде «Харекет» қоры арқылы 437 отбасына үй берілген.
– Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Тіпті не айтарымды білмеймін. Сөздің өзі артық. Күтпеген жаңалықтан төбем көкке жеткендей. Отбасымызға осындай үлкен қуаныш сыйлаған жандарға зор алғысымды білдіремін, – дейді жаңа қонысқа қолы жеткен Айдана.

Е.АЙДАРБЕК

13 наурыз 2021 ж. 2 581 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031