Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәтті сусынның зардабы

Тәтті сусынның зардабы

Қазір көпшілігіміз дүкеннен арнайы салқындатқышта тұрған газдалған сусынды алмай кетпейміз. Себебі, оның адамды қызықтырар дәмі өзіне елітіп, ал сыртқы қаптамасындағы жарнамалық сурет алмасыңа қоймайды. Оны кішкентай балалар да ішуді әдетке айналдырған. Бірақ «біз тұтынатын көпіршікті сусынның ағзаға тигізер зиянын ойладық па?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Жастар көп тұтынатын Dizzy, Gorillа сынды құрамында энергетикасы химиялық қоспалар болатынын бірі білсе, бірі білмейді. Ол ас қорыту жүйесіне әсер етіп, қан айналымын бұзады.
Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай сусындарды жиі немесе шамадан тыс қолдану түрлі ауруға шалдықтырады. Сонымен қатар құрамында кездесетін көп мөлшердегі қант артық салмақтың пайда болуына әрі адамның қант диабетіне шалдығуына ықпал етеді. Газдалған сусындардың тіске де зияны бар. Ол маржанды қарайтып, тіс жегінің пайда болуына алып келеді.
Ал өзіміз жақсы көретін, жеңіл тағамдармен жиі қолданатын Coca-cola жер шарының барлық бөлігінде ішілетін сусын қатарында. Сұранысқа ие тауардың сөреден түспеуінің себебі осы болса керек. Әйтсе де қолданыстағы сусынның адам денсаулығына айтарлықтай кесірі дәлелденуде. Coca-cola-ны жиі пайдалану адам бойында кездесетін кальций, фосфор сынды элементтердің жойылуына әкеледі. Онымен қоса балалардың ойлау қабілетінің нашарлауына әсер етеді. Құрамын зерттеген америкалық ғалымдар рак ауруының туындау қаупі зор екендігі және оның құрамында кездесетін реакциялық қосындылар адам ағзасына түскенде бауырға кері әсер тигізетінін байқаған.
Мамандар мұндай сусындар жасөспірімдер үшін зиян екендігін айтса да, күндегі әдетпен балалардың қалауын орындаудамыз. Аталған тауарларды бала денсаулығы үшін пайдалы, құнарлы және табиғи өнім, яғни жеміс-жидектерден арнайы сығылып дайындалған сусынмен алмастыруды қазірден үйренуіміз қажет.
Бүгінде жоғарыда аталған дайын өнімнен бөлек Coca-cola, Pepsi, Fanta, Sprite және тағы да басқа сусындардың саудасы жүріп тұрған мезгіл. Бірақ денсаулығымызға тигізер зиянын біле тұра тұтынатнымыз өкінішті. «Шөліркеген уақытта шөліңді басады», – деп мұндай сусындарды ала берудің қажеті жоқ. Аз ғана уақыт шөліңді басқан алдамшы дүниенің айықпас дертке ұшырататынын естен шығармаңыз.
Арайлым ЖҮСІПОВА
13 наурыз 2021 ж. 4 409 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 28

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 82

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 92

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 61

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 96

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031