Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірде "Арман ағашы" атты қайырымдылық акциясы басталды

Өңірде "Арман ағашы" атты қайырымдылық акциясы басталды

Қызылордада «Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен «Арман ағашы» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үйден оқытылатын балалардың арман-тілектерін орындауға бағытталған.

Осы орайда, қаламыздағы «Aray city mall» сауда ойын-сауық орталығына арнайы балалардың тілектері жазылған Арман ағашы орнатылған. Кез-келген тұрғын балалар тілектерін алып, оны орындай алады.

«Арман ағашы» қайырымдылық акциясы аясында біз ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларға жылулық пен сүйіспеншілік сыйлағымыз келеді. Олардың арманын жүзеге асыру арқылы біз шабыт сыйлаймыз. Айта кетейін, акциямызға облысымыздағы кәсіпкерлері атсалысуға ниетті» - деді, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев.

Акцияның ұйымдастырушысы және жас кәсіпкер ретінде бірінші болып Мағжан Ералиев ДЦП сырқатына шалдыққан Фариза есімді аруға өзі армандаған калясканы сыйға тартты. Фаризаның көшеге арналған каляскасының болмауынан 3 жыл бойы далаға шықпаған.

Акцияда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы қауымдастықтың бастамасына сәттілік тілеп оң бағасын берді.

Күдігі мен үміті қатар тұрған қиын кезеңде қамкөңілді балаларға қуаныш сыйлау мақсатындағы қолға алынған игі бастама бір айға созылады.
28 ақпан 2021 ж. 2 634 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031