Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?

Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?

Елімізде бизнес бастауға ынталандыратын көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар бар екені белгілі. Адамдар осы жайлы естіп, айтып жүргенімен, шынайы іске келгенде күмәнданып та жатады. Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, мемлекет грантын алып, жеке кәсіп бастауға мүмкіндік мол, деп хабарлайды egemen.kz
– Егер тауар сатсаңыз, тауар қайдан келеді, оны қалай қабылдау, рәсімдеу, сату, қайда сақтау қажеттігін білуі керек. Осы процестердің бәрін игеріп, барлық сұрақтардың жауабын білген соң, қызметіңізді бөліп, кәсіби мамандарды жалдай аласыз, – дейді Айтуар Қошмамбетов.
Палата басшысының сөзінше, әрбір бағыт бойынша нақты оқу курстары бар. Мәселен, кәсіпкер SMM немесе бухгалтерлік есептілікті білсе, Atameken Аcademy порталынан оқуға қатысуға болады.
– Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» арнайы бағдарламасы бар. Үш апта бойы тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқиды, содан кейін 200 АЕК көлемінде грант немесе жылдық 6 пайызбен несие алуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар 5 млн теңгеге дейін инновациялық грант алуға да мүмкіндік берілген, – дейді.
2020 жылы «Бастау Бизнес» бойынша Алматыда 2000 адамды оқыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар құны 200 АЕК (583 мың теңге) болатын 1000 грант қарастырылған. Бұл жобаға қатысып, кәсіпкерлік негізін игергісі келген кез-келген азамат жеке куәлігін алып жұмыспен қамту орталығына баруы шарт.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлованың айтуынша, 2020 жылы шаһарда 34 855 адам жұмысқа тұрған. Оның 10 мыңнан астамы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» арқылы кәсіп тапқан. Иманқұлова IT саласында сұраныстың артып келе жатқанын айтады. 2021 жылы 20 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
25 ақпан 2021 ж. 2 546 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031