Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 64 797 жол ережесі бұзылған

Қызылордада 64 797 жол ережесі бұзылған

Өңірде жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 64 797 дерегі тіркеліп, тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде, 174-і қарсы бағытқа шығу, 946-ы автокөлікті мас күйінде және 5 441-і автокөлікті құжатсыз басқару. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов мәлімдеді.
Автокөлікті мас күйде басқарған 946 жүргізуші ұсталып, оның 413-і әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, жыл басынан 221 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 18-і мас жүргізушінің кінәсінан болып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болды, 23 адам жарақат алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізілуде,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5-8 тамыз аралығында облыста « Мотоцикл» шарасы өткізілді. Нәтижесінде 224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде мас күйде мотоцикл басқарудың 6 дерегі тіркеліп, 51 мотоцикл айып тұрағына қойылды.
13 тамыз 2020 ж. 685 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 318

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031