Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қаптаған Қытай аяқ киімі «өлімге әкелетіні» әшкере болды

Қазақстанда қаптаған Қытай аяқ киімі «өлімге әкелетіні» әшкере болды

Әлем бас тартып жатқан Қытайдың заттарына Қазақстаннан жылдан-жылға сұраныс қайта жоғарылауда. Елімізде сатылатын өнімнің жартысынан көбі аспан асты жұртшылығынан қолынан шыққаны баршаға аян. Сапасы емес, бағасы маңызды отандастарымызға Қытай өнімдерінің сіз білмейтін ақиқатын ашып айтатын боламыз.
Егер дүкен сөрелерінде сатылатын аяқ-киімде  сан жазулы болатын болса, онда ол бренд емес, 70 пайыз көшірме заттар екеніне көзің жетеді.
Қытай тауарларының сапасы жақсы болмаса да, бағасы қол жетімді болғандықтан елдің бәрі қалтасына қарай сатып алады. Тіпті, бір ғана Қазақстан емес, әлемнің бәрі түпнұсқасынан айнымайтын қытайлық киімдер мен аяқ киімдерді киіп, пайдаға жаратады.
Қытай заттарын шекарадан өткізбейтін Америка ғана отандық өнімдерін халыққа ұсынады. Соңғы кезде Қытай өнімдерінен бүкіл Еуропа жаппай бас тартуда. Өйткені адам денсаулығы мен өміріне орасан зор дерт пен қауіп төндіретін киім-кешектердің сыры әшкере болды.
Сараптама көрсеткіші бойынша Қазақстандағы дүкендер мен жайма базарларда сатылатын сөредегі заттардың барлығы Қытайдан әкелінген. Тіпті, сараптама көрсеткіші бойынша елімізде аяқ-киімдердің 60%-дан астам қытайлық өнімдер, 30% түркиядан, қалғаны шет елдік брендтер болып шықты. Бір қызығы, қытай тауарлары Қазақстанда «бренд» саналатын дүкендердің төріне шығып кеткен. Сатушыға да, сатып алушыға да маңыздысы өнімнің бағасы, ал болашағы мен бала денсаулығына бас қатырып жатқан ешкім жоқ.
Қытайдан әкелінетін көшірме аяқ-киімдердің салдарынан аллергия, грибок, ортопедиялық аурулар пайда болады. Сондай-ақ, адам табанынан суықтың тез өтіп және тері арқылы барлық дерттің денеге тарайтынын да ескеру қажет. Қытайлық аяқ-киімдер табиғи теріден емес, дермантиннен жасалынады. Ал дермантин теріге ауа өткізбейді, буын ауруы мен ең сұмдығы онкологиялық дерттің пайда болуына себепкер болып шықты. Себебі қытайлық көшірмен аяқ-киімдердің құрамына формальдегид пен фенолдық қоспаларымен және хош иісті амин, металл амині және тұрақсыз анилин бояғыштары арқылы жасалынатыны дәлелденді. Дәрігерлердің айтуынша, атап өткен химиялық қоспалар арқылы жасалынған аяқ-киім онкологиялық дертке шалдығуға 100 % жол береді.
Ғалымдар 75% ісік ауруларының адам ағзасында пайда болуын сапасы нашар өнімдердің кесірінен екенін анықтады. Адамның денесіне ең жақын тұратын киім мен аяқ киім арқылы зиянды синтетикалық заттар тері арқылы оңай өтіп, мәңгі ағзада қалып қояды. Қазақстанда әрбір екінші адам қолданатын қытай аяқ киімдері адам сенбейтін ауруларға сөзсіз алып барады.
Санитарлық-эпидемиологиялық орталық мамандарының кеңесіне құлақ түрсек, тұтынушы аяқ-киімді сатып аларда иіскегені жөн. Егер жағымсыз ащы иіс шықса, алудың еш қажеті жоқ. Өйткені қоспасында формальдегид, стирол, фенол, органикалық еріткіштер пен бояғыштар, уытты желімдер, ауыр металдардың тұздары (қорғасын, кобальт, хром, кадмий) заттардан тұратын аяқ киім ертелі-кеш шүбәсіз дертке шалдықтырады.
Енді қараңыз, аз уақыт бұрын Қытай үкіметі Гуандун провинциясында ойыншықтар шығаратын 700-ден астам зауыттың өнімдерін шетелге экспорттауға тыйым салатынын жеткізген болатын.
Бұл шешім Қытайдағы тауарлардың барлығы Еуропа және АҚШ-та тұтынушылар үшін қауіпті деп танылған бірқатар дау-жанжалдармен байланысты.
Сондықтан саны арзан деп, сан түрлі Қытайдың қаптаған өнімдеріне жүгірмей, саналы ұрпақ, дену сау бала мен дертке шалдықпаған бүтін қоғам өмір сүрсін десеңіз, сапалы заттарды қолданғаныңыз жөн. Ең бастысы, шекарадан өткен қысық көзді көрші өнімдеріне тәжірибелер мен зерттелімдер жүргізіп қана, халыққа ұсынған абзал.
27 ақпан 2018 ж. 2 228 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031