Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің отбасы – есірткіден алыс!

Біздің отбасы – есірткіден алыс!

Шыны керек, бала кезімде,алғаш нашақор ,есірткі деген сөзді есіткенде,түсінбедім.Кейін есірткі дегеннің өз шырмауына ала жөнелетін әзәзіл, жиіркенішті тажалдың атауы екенін білдім.Адамдар жақсы сөз есіту керек дейді,жақсы нәрсеге куә болу керек деседі.Жаман істерді есітуімізге не себеп?

Біз отбасымызда жеті адам тұрамыз.Мен отбасыммен мақтанамын! Үлкеннің кішіге қамқорлығы,кішілердің оларға деген құрметі-отбасымыздың басты қағидасы.Атам да,әкем де ең бірінші адамға еңбек қажет деп үнемі айтып отырады және сол еңбекті өздері көрсетеді.«Еңбек-бәрін де жеңбек» -деп бекер айтылмаған. Яғни, еңбектеген кісінің басқа іс ойлауға уақыты жоқ дейді атам.Абайша айтсам, «Тамағы тоқтық,көйлегі көктік,Аздырар адам баласын» .Еңбек етпеген,маңдайы терлемеген,барлыққа мас болған адамның көкірек көзі жабылып,аздырмай ма пендесін?Көбіне жастарды кінәлап,«бүгінгі жастар» деп барлық кемшілік қамытын кигізе салу әсте оңай.Бірақ үлкендер ше?Ақиқаты- олар көп жағдайда кейінгілерге үлгі бола алмауында.
Көбіне 1-2 күндік пайда,дүниені көбейту,той тойлап әсіре қызыл алдамшы қызықтарға бойұсынудың меңдеуі-ата-аналардың балаларынан алыстап,мейіріміне шөлдеуга апарып жатқан жоқ па екен?Мейірімді балалар кімнен алуы керек? Құпиясын білмейтін , бейтаныс адамнан ба,жүздесусіз, әлеуметтік желілерден оңай табыла кеткен уақытша достардан ба?«Сырын білмеген адамның сыртынан жүрме »-демей ме қазақ халқы.Теледидардан көрсетілетін сериалдар отбасының махаббаты жоқ проблемаларға толы қым-қиғаш адасулар,таусылмайтын шешімі жоқ оқиғалар, жеткіншектердің санасын улауда. Ұлтымыздың мәдениетіне қайшы келетін мұндай сериалдар санамызға жақсылық әкелмейтіні белгілі.Мұны не үшін айтып отырмын?Біз-отпыз.Қалай қарай үрленсек,солай қарай шалқимыз.Байқап үрлемесеңіз,өшіріп аласыз.Бала туа салып, нашақор болмайтыны белгілі ғой.
Елімізде бұл тажалды тоқтатуға күш салынып,көптеген жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Астыртын жымысқы істердің көбеюі, айлалылықтың пайдасына шешіліп,біреулердің саудасын қыздырып жатқан жоқ па?
«Мұндай қадамға адам не үшін барады?»- деген сұрақ туындауы сөзсіз.Біреулер жоқшылықтан,жетіспеушіліктен немесе жастарға жұмыс жоқ дер еді.Ал мен бұл жауапты жоққа шығарар едім.Бұл тек сылтау ғана...Себебі адам баласына бірнеше мүмкіндіктер беріледі.Білім алуға,өнер үйренуге,іс қылуға.Дер кезінде мойын бұрмай,қолын бір-ақ сілтеп оңай жол іздейді.Сол жолда сүрінгенін байқамай да қалады.Міне,жауап осы!
Иә,қателеспейтін адам жоқ,қателік жасау заңдылық.Бірақ қателігін біліп,оны мойындап,одан шығар жол іздесе,болар еді-ау.Жоқ... өзін жеңе алмай,табандылығы жоғалғандай,тәуелділік шырмауына шырмалып кете барады.Дәрменсіз күй кешіп,адамнан гөрі басқаға айналып,адамдықтың ауылынан мүлде алыстап кетеді. Әрбір қазақ баласы есірткінің түтініне уланбай,түзу жолмен жүрсе,қанша отбасы бақытты болып,қазағымның саны артып,қаншама ана баласының дәрменсіз күйін көрмес еді.
Жаратушының өзіңді қол-аяғы сау, ақыл есі дұрыс етіп жаратқанына әр адам шүкір деуі керек. Бірақ Алланың сыйын қолдан мүгедек қылып,нәр беріп тұрған тамырдың бойын тұншықтырып жатқан бауырларыма бар даусыммен айғайлап, «Ойлан!» дегім келеді .«Сен өмірге нашақор болу үшін келген жоқсың.Орындайтын міндеттерің бар.Өзіңді тоқтатпасаң,сен мүлде өмірге келмегендейсің».
Әр отбасы мүшелері есірткіден аулақ болса,қоғамның жаман індеттен арылуы жеңілдер еді.Үлгілі отбасылар еселеніп, еліміздің мәртебесін асыратын тегеуірінді ұл-қыздар легі көбейіп, есірткі деген сөзді естімейтін күн жақын болса екен...

Болатбековтер отбасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы
№ 204 орта мектеп
Қызылорда ОПД ЕҚҚІБ тарапынан жарияланған сайысына
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ
15 ақпан 2021 ж. 2 976 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930