Берік отбасы – есірткіден алыс!
Әр адамға берілген үлкен сый, ол – отбасы. Отбасы – жанға шуақ сыйлайтын жылы ұямыз. Мен үйдің ортаншы баласымын. Биыл 9 – сыныпта оқимын. Менің ағам, әпкем, інім бар. Анам: «Сен үлкен болдың, енді еркелігіңді қойып, бауырыңа үлгі бол», дейді. Анамның сөзінен кейін мен үлкен болғанымды сезініп, жауапкершілігімнің молайғанын сезіндім. Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деп бекер айтпаған. Менің жоспарларым өте көп. Жаман әдеттерге жолағымда келмейді. Жоғары биіктерден көрініп, елімді әлемге танытқым келеді. Өз елімнің жарқын күндері үшін қандай да бір үлесімді қосқым келеді.
Денсаулық – ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Есірткі! Бұл үғым бәрімізге таныс әрине. Құлаққа түрпідей тиетін қандай жағымсыз сөз десеңізші! Қанша аамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен, қаншама отбасын ойрандаған улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткіге еліткендер саны көбеймесе, азайған жоқ. Есірткіге әуестік жастар арасында белең алып жатыр. Бұл күндері есірткі саудасымен айналысатындар оның синтетикалық түрлерін сата бастады. Есірткінің синтетикалық түрлері небір ұлы химиялық заттардың қоспасынан жасалады. Қазіргі уақытта нашақорлар «тұқым қуалайтын» ауруға айналып бара жатыр. Елестетіңіздерші, нашақорлардың отбасынан шыққан балалар келешекте қандай болмақ? Әрине, көп жағдайда, әке – шешесі тәрізді нашақор болады. Ал, дүние есігін ашқан нәрестелер ше, ауру ата – анасының арқасында ақыл – ойы кем, денсаулығында ақаулармен өмірге келеді. Бұл дегеніміз, кейбір отбасынан шыққан жастарымыздың қоғамымыздың толыққанды мүшесі бола алмайтындығы қынжылтады. Сондықтан ата – аналар кәмелетке толмаған, оңы мен солын ажырата алмайтын балаларының қайда жүргенін жіті бақылап, олардың жүріс – тұрысын мұқият қадағалау керек. Бала тәрбиесіне, біріншіден, өз ата – анасы жауапты. Әр отбасы сыйластық пен бірлікте, өзара түсінікте күн кешсе екен. Сонда ғана өмірде адамдар жаман жолға түспес еді, олардың да босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата – асқар тау, ана – бауырдағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ – деп ата–ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалының өзі отбасы беріктігінің белгісін көрсетеді.Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтқан болатын. «Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды, өз санамызды, қоғамымызды, жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына ынталандыруды енгізуіміз қажет. Бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін».
Жүсіпбек Аймауытов: «Адам мінезінің ақыл – қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру секілді бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен...» деп айтқандай, тәуелсіз елімізбен балаларымыздың жарқын болашағы үшін бүгіннен бастап оларды түзу жолға салып, нағыз азамат етіп тәрбиелейік. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Отбасы түсінігі жайлы біраз ұғым санамда орын алып, жүрегімнің төрінде орын алған. Мен қазақтың қарапайым шаңырағында өсіп келемін. Ата–анам, бауырларым бәріміз бір–бірімізге бауырмал болып, бейбіт елде өмір сүреміз. Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз. Болашақтан күтетін үмітімде көп. Жоспарымда аз емес. Түрлі жетістіктерге жетіп, ата–анаммен, бауырларымды қуантқым келеді. Мен ата– анамды, бауырларымды шексіз жақсы көремін. Біздің отбасымыз – нағыз берік отбасы.
Дүйсенбаевтар отбасы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы