Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды желіктірген «Тик-ток»

Жастарды желіктірген «Тик-ток»

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің қолданыс шегі шарықтап тұр. Әлем бойынша Instagram, Facebook және Youtube қосымшаларын басып озғалы тұрған Tik-tok желісін еңбектеген сәбиден, еңкейген қарт кісілерге дейін қолданады. Тек жастардың мекені деуден аулақпыз. Біреулер үшін бұл қызығушылықтан туындаған қаралымдар болса, кей адамдар үшін бұл табыс көзі. Яғни, желіде шет елдік әуендерге би-билеу арқылы немесе образдар арқылы яки фонограмма есебінде ән салу тағы басқа жасау арқылы трендке айналдырып, бірін-бірі қайталайды.
Тренд деген не? Бұл бір бестеллер сынды дүние. Бейне бір шоқ жұлдыз секілді тез өтіп, таралып кетеді. Мәселен айдың басында осындай видео түсіру қажет болса, соңында басқа видео яғни әуен немесе би қимылдары трендке айналып, танымалдылық артып кетеді. Жалпы жоғарыда айтып өткендей түсірілетін видеолардан бөлек жастардың сана сезімін улайтын видеожазбалардың да қарасы көбеюде. Неше түрлі ерсі қылықтарды қайталаймын деп тренд үшін құрбан болғандардың саны артып келеді. Сонда біздің ел жастары осындай насихатқа құмар ма?
Аталмыш желінің тарихына келсек, оны 2016 жылы Byde dance компаниясы іске қосқан болатын. Бүгінде оны әлемнің шамамен 150 елінде, миллионнан астам адам қолданады.
Айта кету керек, бұл әлеуметтік желі Қытай еліне тиесілі. Осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ елінің бұрыңғы президенті Дональт Трамп “Tik-tok” әлеуметтік желісінің Америка Құрама Штаттарында жабылатынын мәлімдеген болатын. Американың белсенді “Tik-tok” қолданушылары осы жағдайды естіп, көздеріне жас та алып, қоштасып жатқандары да болды. Бұған себеп Дональт Трамптың АҚШ-та Қытай елінің жасаған сайттары мен мобильдік қосымшаларының таралуы ‘ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясатқа және Америка Құрама Штаттарының экономикасына қауіп төндіреді деген уәжі. Мұны естіген Үндістан елі бұл қосымшадан бас тартқан болатын. Саны мен танымалдылық артпаса кемімейтін қосымшаны қолдану біреу үшін мақтаныш болса, енді біреу үшін намыс екен. Қандай жағдай болса да, өзге ұлттың менталитеті біздің қазақ жастарының бойына сіңіп кетпесе екен. Өз еліміздің әдет-ғұрпын шетке ысырмайық. Мүмкіндігінше зиян келтіретін яки бұрыс нәрсені насихаттайтын заттардан бойымызды аулақ ұстауға тырыссақ, өзге үшін де, өзіміз үшін де таптырмас пайда болар еді.
Сөз соңында жастарды қоғамдағы тез қызықтыратын жеңіл нәрселерге әуестенгенше кітап оқуға шақырамын.

Нұрай ЗАДАШОВА,
№216 мектептің 11 сынып оқушысы,
Әйтеке би кенті

16 қаңтар 2021 ж. 3 320 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930