Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Apple мен Temu Қазақстанға миллиардтар төледі

Apple мен Temu Қазақстанға миллиардтар төледі

Фото: depositphotos.com
Цифрлық қызмет бойынша салық енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялардан Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Google салығы деген не?
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандықтарға электрон қызмет көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларға салық салынады. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті.
Бүгінде Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар.

Олар қанша теңге көлемінде салық төледі?
"Шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның ішінде биыл 48,6 млрд теңге түсті", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылы ең ірі ҚҚС төлеушілер:
Valve Corporation - 8,6 млрд теңге;
Apple - 8 млрд теңге;
Temu - 6,2 млрд теңге.
06 қараша 2025 ж. 247 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031