Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек баланың ата-анасына сотта қандай жеңілдік бар?

Мүгедек баланың ата-анасына сотта қандай жеңілдік бар?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, ерекше баланың ата-анасына сотқа жүгіну барысында жеңілдік қарастырылған. Олар сотқа арызданғанда мемлекеттік баж төлемейді.

Бұл жеңілдік Салық кодексінің 616-бап, 13-тармақшасында былай деп жазылған:
"Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
13) талапкерлер – (...) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша".
Сондай-ақ, өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату туралы Салық кодексінің 622-бабында жазылған:
"Мемлекеттік баж алымын төлеуден мыналар босатылады:
1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды қойған кезде;
(...) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі".
Қалалық сот өкілі Қабыл Дүйсенбидің түсіндіруінше, ерекше баланың ата-анасының бірі соттардағы жеңілдікті пайдалану үшін баланың мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасын сотқа қажет құжаттармен бірге ұсынуы тиіс.
Соттардағы өтініш түрлері бойынша мемлекеттік баж алымдары мынадай (Салық кодексінің 610-бабы):
"Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1%;
заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3%..."
29 желтоқсан 2020 ж. 2 764 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930