Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі желтоқсандықтарды қабылдады

Аудан әкімі желтоқсандықтарды қабылдады

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Желтоқсан оқиғасына қатысып, ұлттық рух пен намыс жолында азатыққа үлес қосқан жергілікті желтоқсандықтарды қабылдады.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасына куә болған қыз-жігіттер бүгінде елуді еңсерген ел азаматтары. Шаштарын қырау шалған «желтоқсаншылар» батырлық пен елжандылықтың үлгісі.
Тәуелсіздікке жол салушыларға аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы құрмет көрсетіп, құрмет көрсетті.
– Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Желтоқсан оқиғасы кезінде ел намысын қолдан бермейтіндеріңізді көрсеттіңіздер. Егемен елдің ерлік жолы мен тарихында сіздердің алатын орындарыңыз ерекше. Ол кезде бастан кешкен қиындықтарыңыз ұмытылмайды. Бүгінгіден де бақуатты күндерді жақындату үшін бірге еңбек етейік, – деді аудан басшысы.
Көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізген №225 мектептің сызу-бейнелеу пәнінің мұғалімі Абай Машай, Ақсуат ауылындағы №100 орта мектебі химия-биология пәнінің мұғалімі Жазық Нұрмашева және аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Ұлболсын Алматова мерекелік лебіздерін айтып, «Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» деген тілектерін жеткізді.

“Қазалы” ақпарат
16 желтоқсан 2020 ж. 2 230 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 166

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 222

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728