Аудан әкімі қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектерді қабылдады
Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев отбасы күні мерекесі қарсаңында көп балалы аналармен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әйелдермен кездесті.
Кездесу барысында Мұрат Нәлхожаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерімен таныстыра отырып, жетістіктерімен, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, осы жетістіктерге қол жеткізуге нәзікжандылардың да өз үлесі бар екенін айтты.
– Қазіргі таңда кәсіпкерлік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың басым көпшілігін әйелдер құрап отырғандығы қуантады. Бұл өз кезегінде еңбекке қабілетті халықтың жұмысбастылық деңгейін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізеді. Аудан бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларымен марапатталған 1124 және 4593 көпбалалы аналар бар. Олар мемлекет тарапынан тиісті көлемде әлеуметтік көмектерін уақытылы алып келеді, – деді.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар отбасылар күні мерекесі қабылдау өткізген аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан басшысы қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектерге алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Қазалы" ақпарат