Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезиядағы сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды

Индонезиядағы сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды

Көз жұмғандар – 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтарИндонезияның денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлердің басым көпшілігі инсульт пен инфарктан көз жұмғанын хабарлады.
Бұған дейін Индонезия сайлау комиссияларының жүздеген қызметкері дауыс санау кезінде қауырт жұмысқа шыдамай ажал құшқаны хабарланған еді. Тағы 2,5 мыңнан астамы ауруханаға түскен болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, сайлаудан кейін елде 496 қызметкер көз жұмған, олардың дені – 131 адам Батыс Джава  провинциясында қаза болды, деп жазады Strait Times.
Орталық сайлау комиссиясы көз жұмғандардың жасы 50 мен 70 жас аралығында болғанын атап өтті.

Айта кетсек, Индонезияда 21 сәуір күні бір мезетте біркүндік жалпыға бірдей сайлау өтіп, ел президенті мен вице-президент, ұлттық парламент, өңірлік парламент, қалалық және аудандық деңгейдегі муниципалды кеңестердің депутаттары сайланды. Әр сайлаушы бес сайлау бюллетенін толтырып, бес түрлі урнаға салуы тиіс болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың 80 проценттен астамы дауыс беруге қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі 22 мамырда жария етіледі.


13 мамыр 2019 ж. 1 771 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930