Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын жұмсауға жол ашылды

Зейнетақы жинағын жұмсауға жол ашылды

Зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу және инвестициялау үшін кү­ні бұрын алып қоюға рұқсат ететін заң жо­басын Сенат та құптады. Оған сәйкес, дәл жинақты алу кезінде 10 пайыз салық са­лынбайтын болды. Мәулен Әшім­баев­тың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та жоғарғы палата депутаттары осы жаңа­лықты қарастыратын Салық кодек­сіне түзетулер енгізді.


Енді оған Мәжілістің келісімін күтеді. Құжат со­дан кейін Президенттің қол қоюына жолданбақ. Жиын­да сенаторлар Салық кодексін қолданысқа ен­гізу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар ен­гізетін жаңа заң жобасын қарады. Құжат салық сая­сатын жетілдіру, бизнес жүргізу тәртібін жеңіл­дету және Қазақстанға инвестиция тарту мә­се­леле­рін қарастырады. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар құжатты Мәжіліске кері қайтарды.
Түзетулер бірінші кезекте шағын және орта биз­несті қолдауға арналған. Сенаторлардың мәлі­метінше, пандемия салдарынан кәсіпорындардың 30% жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.
Тағы бір маңызды түзету зейнетақы жи­нағын­дағы қаржының бір бөлігін алған кезде төленетін салықты кейінге шегеруді қарастырады.
– Зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын ала ал­ған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ре­тінде төлеу керегі белгілі. Мұны қазіргі қиын ке­зең­де азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сон­дықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кез­де емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсы­нылды. Оның өзінде бәрін бірден аудармай, заң жо­басына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы нор­ма енгізілді, – деді М.Әшімбаев.
Заң жобасына Президенттің инвесторларға қол­дау көрсетуге арналған бастамаларын іске асыру үшін тиісті нормалар енгізілді.
«Инвестицияның көлеміне, мерзіміне және жұмыс істейтін орынға байланысты инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, қосылған құн салығынан және мүлік салығынан босатылады. Бұл қадам қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасына инвесторлар тар­тып, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажет. Бұл түзетулерді сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұсынып отыр», – деп атап өтті Сенат басшысы.
Сенат депутаттары ауылды сапалы интернетпен қам­ту мәселесін де назардан тыс қалдырмады.
– Байланыс операторлары радиожелілерді қол­данғаны үшін төлейтін төлемнің жылдық мөл­шерлемесін 90%-ға төмендету ұсынылды. Мұндай жеңіл­дікті алу үшін оператор осыдан үнемделген қар­жыны ең алдымен, ауылдарды сапалы, кең жо­лақты интернетпен қамтамасыз етуге жұмсауы ке­рек. Бұл – ел Президентінің аумақтарды тең­герім­­ді дамыту тапсырмасымен байланысты», – де­ді Мәулен Әшімбаев.
13 қараша 2020 ж. 480 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930