Елбасы Жолдауы – болашақтың бастауы
Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы ел дамуының нақты қадамын айқындады. Онда атқаруға тиіс он міндет жүктеліп отыр. Технологияның қарыштап дамыған кезеңінде уақыт көшіне ілесіп, дамудың даңғыл жолына түсу саяси құжаттың ерекшелігі болып саналады. Бұл ретте музей қызметкерлері Жолдауда айтылған маңызды міндеттерді қолдайды.
Осыған орай Қызылорда қаласындағы Ақмешіт музейінде «Елбасы Жолдауы – болашақтың бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған облыстық музей директорының орынбасары Жанар Дәуренқызы, облыстық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Әсем Қараманова, көркемсурет галереясының меңгерушісі Гүлнәр Тәжікқызы, тарихшы Димаш Абатұлы қатысты.
Келелі жиында мемлекетіміз дамыған отыз елдің қатарына кіруі үшін білімді, әлеуеті жоғары ел болу керектігі түсіндірілді. Жаһандық бәсекелестік ғасырында рухани жаңғырып, көштен қалмау мақсатында барлық мүмкіндікті жан-жақты қолдану қажеттігі айтылды.
Шарада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел, Ғасырға бергісіз жылдар», «Мәңгілік ел Қазақстан» атты кітаптары, «Ақиқат» саяси-қоғамдық журналдары, буклеттер, тағы басқа да құжаттары қойылды.
Басқосуда жаңа заманға сай болу үшін ұлттық сананы жаңғыртып, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуға үндеген Елбасының кемеңгер сөздері қаперге алынды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.