Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқатолқынды пешті қолданбаңыз

Қысқатолқынды пешті қолданбаңыз

Массагет сайтында қысқатолқынды пештің пайдасы, оны оңай тазалау жолдары, тағам ысытудан басқа да ерекше қасиеттері жайында материалдар көптеп жарияланды. Бүгінгі кезек зиянды тұстарына беріледі. Осыншалықты зиянын оқығаннан кейін бұл құралды пайдалануды тоқтатасыз деп үміттенеміз. Қазіргі кезде қысқатолқынды пеш әр үйде, әр кеңседе бар деуге болады. Себебі оны қолдану оңай әрі уақытты да үнемдейді. Жеңіл жұмыстарға жүгіре бермей, бір сәт денсаулықты да ойлаған жөн.


Неміс, швейцарлық, ресейлік ғалымдардың ғылыми зерттеуі мен клиникалық сынағының нәтижесінде қысқатолқынды пештің мынадай зиянды тұстары анықталды. Ми. Үнемі қысқатолқынды пеште әзірленген тағамдар қолданар болсаңыз, миыңыз адам айтқысыз зардап шегіп, қайта қалпына келместей болады. Электрлік импульс оның көлемін кішірейтіп, ми ұлпалары магнитсіздендіріледі. Ас қорыту. Ағза өзіне бейтаныс тағамдарды қабылдай алмайды. Міне, қысқатолқынды пешке салынған тағамдар осы қатарға жатады. Гормондық үйлесім. Бұл құралдан шыққан тағамды қолдану ер адамды да, әйел адамды да гормондық бұзылысқа шалдықтырады. Оны қалпына келтіру мүмкін емес.

Көкөністерді қысқатолқынды пешке салсаңыз, оның құрамындағы минералдар қауіпті ісік тудыратын бос радикалдарға айналып кетеді. Асқазан мен ішекте рак ауруы пайда болуына да қысқатолқынды пештен шыққан тағам әсер етеді. Микротолқынды пеште әзірленген тағамды ұзақ уақыт бойы қолдану қан талшықтарында қатерлі ісіктің пайда болуына да жол ашады. Осылайша иммундық жүйе де әлсірейді. Қысқатолқынды пеш тағамдарымен қоректенуден адам бірте-бірте бір нәрсеге зейінін шоғырландыру қасиетін жоғалтып, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Оның ішінде аса қуатты магнетрон сәуле шашқышы бар. Ол іске қосылғанда интенсивті электромагнитті өріс арқасында тағам құрамындағы молекулалар қозғалысқа түсіп, қызып, жарылады. Нәтижесінде қызып жатқан тағам құрамындағы дәрумендерді, пайдалы заттарды, құнарлылығын 98 пайызға жоғалтады. Қағаз шайнағандай ағзаға еш пайдасы жоқ тағамдармен асқазанды босқа қинағыңыз келмесе, асханаға барғанда жаңадан пісіп жатқан тағам сұраңыз. Ал түскі асты үйден әзірлеп алып шықсаңыз, термос ыдыстар қолданыңыз.
06 ақпан 2018 ж. 3 042 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930