Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандас ғалымдарымыздың басын біріктірді

Отандас ғалымдарымыздың басын біріктірді

Алик Шпекбаевтің төрағалығымен Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленовтің, Академиялық адалдық лигасы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Ғылыми сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Тәуелсіз сараптама органы ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешу үшін ғылымды тарту келешектегі міндеттердің бірі болып белгіленген Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы
1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауыніске асыру тұрғысында құрылды.
Кеңес жұмысының негізгі бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді талдау, бейімдеу және енгізу мақсатында проактивті ғылыми-кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды кешенді ғылыми-сараптамалық бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу.
Агенттіктің жаңа консультативтік-кеңесші алаңы Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының және әлемнің басқа да жетекші жоғары оқу орындарының жүзден астам жас ғалымдарының басын біріктірді.
Алик Шпекбаев өз сөзінде атап өткендей, біздің жас ғалымдар, шетелдің үздік университеттерінде білім алып, қызмет жасап жүрген ғылым докторлары еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын, бұл сөзсіз, қазақстандық жастардың патриотттық сезімін көрсетеді.
«Тек бюджет есебінен ғана «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде бүгінде 150-ге жуық PhD доктор білім алған және қазіргі уақытта да осыншасы шыңдалуда. Google, Deloitte, Facebook және басқа да үздік компанияларда жұмыс істейтін, идеялар ұсынуға дайын кәсіпқойлардың арасында жас қазақстандықтар аз емес. Әлеует бар және оны елдің одан әрі дамуына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытқа бағдарлау керек», – деді Агенттік Төрағасы.
Ол, бірлескен жұмыстың мақсаттары мен міндеттері ретінде дамыған мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарын қолдану практикасын зерделеуде, оларды біздің республикамызда іске асыру тетіктерін әзірлеуде ғалымдардың жәрдемдесуі қажет екенін атап өтті.
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов өз сөзінде мемлекеттік органдардың қызметінде қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мен білімін қолдану тәсілдерінің дұрыстығын белгілей отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ғылыми қауымдастықтың ынтымақтастығын қолдады.
Өз кезегінде Ұлыбританиядағы қазақстандық PHD қауымдастығының президенті, Кеңес басшысы болып сайланған Әлия Сембаева қауымдастықтың табысты тәжірибесі негізінде, оның жұмысының пайымын таныстырды. Өз сөзінде ол ашық, бәсекеге қабілетті және достық тәжірибелер негізінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ғылыми негізделген тәсілді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс барысында PhD докторлары мен докторанттары, оның ішінде Австралия, Ұлыбритания және басқа еуропалық елдердің
іс-шараға онлайн қатысушылары жекелеген бағыттардағысыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Мәселен, Satbayev University инновациялар жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Черниязданов еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орнының атынан қатысушыларға Қазақстандағы ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы бойынша тәсілдерін жеткізді, сондай-ақ Президенттің ҒЗТКЖ-ға қатысты тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстарын ұсынды. Спикер елімізде талантты ғалымдар үшін және қазақстандық ақыл-ойды шетелден тарту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.
Кеңес сарапшылары жұмыс істей бастаған тағы бір жоба – жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі. Отырыс барысында әлеуметтік зерттеулер негізінде, шешу жолдарын кеңестің сарапшылар тобы ұсынды (Арман Рахимов, Анар Мұхтарова. Гүлшат Түсіпова, Мөлдір Қабылова).
Өз тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресушілер әзірленген ұсыныстарды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.
Агенттік, ғылыми қоғамдастықпен сындарлы өзара іс-қимыл еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті































07 қазан 2020 ж. 522 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031