Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күш-жігерімізді жұмсаймыз

Күш-жігерімізді жұмсаймыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын теледидардан бастан-аяқ ынта қоя тыңдап шықтым. Бұл құжаттың ерекшелігі – стратегиялық, әлеуметтік жағынан ауқымды болуында. Онда құқықтық салаға баса назар аударылған.
Сонымен бірге қоғамдық қатынастардағы өзге де өзекті мәселелер мен түйіткілдер назардан тыс қалмаған. Әсіресе ұлттық қауіпсіздік жағдайының маңыздылығы жоғары. Бір қуантарлығы Мемлекет басшысы осыған дейінгі Жолдауда айтылған жайттардың жаңғыртылуын естен шығармаған.
Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиістігі де айтылды. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтып отырған – аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Бұл орайда кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ агро ғылымның ойдағыдай дамымауы көп нәрсеге қол байлау болып тұрғаны шындық. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылданатындығы ауыл шаруашылығы ісімен айналысып отырған кәсіпкерлерге де оң нәтиже берері сөзсіз.
Жалпы Президенттің биылғы Жолдауының салмағы басым. Себебі ондағы белгіленген міндеттерде өзекті мәселелер көтеріліп отыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей енді жарқын жоспарларды жүзеге асыруда жауапкершілік танытуға күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
Мнажадин ӨТЕЕВ,
"Сыр маржаны" ЖШС директоры

01 қыркүйек 2020 ж. 929 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031