Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы аудан көлемінде Мемлекеттік рәміздердің орналасуы, қолданылуы мен олардың стандартқа сәйкестігіне жүргізілген рейдтік жұмыстардың нәтижесі туралы хабарлама жасады.
Айта кетейік, Мемлекеттік Елтаңбаларды латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына жоспарлы түрде кезең-кезеңімен ауыстыру кестесіне сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелерге 152 дана жаңа үлгідегі Елтаңбалар алынып берілген.
Сонымен қатар, 2020 жылға 987 дана Мемлекеттік Ту алынып, таратылған. Ол үшін аудандық бюджеттен 10,8 млн. теңге қаражат бөлінген.
Қазіргі таңда барлық мекемелердегі Мемлекеттік рәміздер стандартқа сай өзгертіліп, мекемеішілік комиссиялармен стандартқа сәйкес келмейтін Елтаңбаларды жою жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімімен Мемлекеттік рәміздердің пайдалану жағдайына жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша бірқатар кемшіліктер анықталған.
Отырыс соңында аудан басшысы Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары әрқашанда өзекті екенін атап өтіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
"Қазалы" ақпарат