Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде жоспарға сәйкес 1 мәселе, жоспардан тыс 1 мәселе қаралды.
Комиссия отырысын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды.
– Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналатындығын атап өтті.
Біз өз кезегінде ауданымызда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, аталған міндеттердің жүзеге асырылуына белсенділік танытуымыз керек. Сол кезде ғана, қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі арта түсетіні сөзсіз, – деді аудан басшысы.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәбитбек Арынов баяндап, 2019 жылдың қорытындысымен өсім алған қылмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Сәбитбек Жандарбекұлы комиссия отырысына «Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы» ұсыныспен пада ұйымдастыру мәселесін енгізуді сұрап, осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 ақпан 2020 ж. 1 126 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 146

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 131

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031