Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тындырымды тірлікте, лайықты таңдау жасау шарт

Тындырымды тірлікте, лайықты таңдау жасау шарт

«Nur Otan» партиясы партияішілік іріктеуді бастауы замана көшінен кем қалмаудың қарекеті деп ұғамын. Демократиялық үдеріс белең алған кезеңде білігім мен білімімді пайдаланып, праймеризге қатысуға бел будым.

Праймериз әдісінің тиімді тұстарына тоқталар болсақ, ең біріншіден бұл алыс ауылдардағы партияның қарапайым мүшелеріне өз ойын ашық айтып, өзін жан -жақты көрсетуге үлкен мүмкіндік. Екіншіден, сол азаматтардың сайлау алды бағдарламалары арқылы ауылдық елді мекендердегі проблемалық мәселелерді анықтауға, олардың шешілу жолдарын нақтылауға көмектеседі.
Партиялық праймериз партия атынан алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, бәсекеге қабілетті, іскер, ел сенетін тұлғаларды іріктеуге өз септігін тигізбек.
Праймериз - Елге қызмет жасаймын, Партия атынан депутат болғым келеді, партияішілік додаға түсемін дегендерге үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы праймеризге қатысып жатқан және бұрыннан «Nur Otan» партиясының мүшесі болған немесе кадрлық резеръв құрамындағы азамат пен жаңадан праймерзге өзін ұсынып қосылған азаматтың құқығы тең.
Сондықтан, елім деген нағыз Отаншыл азаматтарды праймеризге қатысқаны жөн деп санаймын. Себебі бұл біздің еліміз, бұл біздің Отанымыз! Сондықтан елімнің ертеңіне бейжай қарай алмайтын азамат ретінде барша белсенді азаматтарға сәттілік тілеймін. Еліміздің ертеңгі жетістігі – бүгінгі тындырымды тірлік пен лайықты таңдаудың жемісі екендігін әрдайым жадымыздан шығармағанымыз абзал.
Талғат ӘЛІПБАЕВ,
«Қамқор вагон» ЖШС «Қазалы вагон жөндеу депосы»
филиалының директоры, аудандық мәслихат депутаты
26 тамыз 2020 ж. 812 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930