Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 108 үміткер праймеризге қатысуға құжат тапсырды

Қызылорда облысында 108 үміткер праймеризге қатысуға құжат тапсырды

Kyzylorda-news.kz. 17 тамыздан бастап «Nur Otan» партиясында партияішілік іріктеу – праймериз науқанына үміткерлердің құжаттарын қабылдау жұмыстары басталды.
Дүбірлі додада бақ сынамақ болған 108 үміткер 2 күннің ішінде құжаттарын тапсырып та үлгерді. Олардың 15 пайызы жастар.
Олар праймериз ережесіндегі жастарға бағытталған квотаны тиімді пайдалуға күш салғаны байқалады.
Мәселен, праймеризде өз бағын сынауға ниет етіп Байқоңыр қаласынан алғаш құжат тапсырғандардың ең жасы Индира Қабатова.
Ол Байқоңыр қаласының «Жастар ресурстық орталығы» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2016 жылдан бері партия қатарында жүріп мол тәжірибе жинақтаған Индира жетекші партияның мүшесі болу үлкен мақтаныш, әрі жауапкершілік екенін айтады. Алда ашық бәсекеде бағым жанып, партияластарым қолдап жатса, жастар арасындағы жұмыссыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы мәселелерді азайтуға қатысты жоспарларын жүзеге асырмақшы.
Бұл бір ғана үміткердің ойы. Ал бүгінгі тіркелген азаматтардың әр қайсысы ел дамуына еселеп үлес қосатын азаматтар екеніне күмәніміз жоқ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып әрбір үміткерге бізде филиалы ұжымы атынан сәттілік тілейміз.
Айта кетейік, жалпы құжат тапсырған 108 үміткердің 30 пайызға жуығы әйел азаматтар болса, 15 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.
21 тамыз 2020 ж. 416 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930