Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қазалылықтарға Үндеуі

"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қазалылықтарға Үндеуі

Құрметті Қазалы ауданының тұрғындары! Қоғамның дамуы қай салада болса да бәсекелестікті талап етеді. Сол себепті біз үнемі өз ортамызда бәсекелестіктің, ашықтықтың болуын қамтамасыз етуге тиіспіз.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясы ашық түрде жариялап, партия ішінде өзара бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы праймериз жұмысы басталды.
Праймериз – партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі болып табылады. Халықаралық тәжірбиеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып «Nur Otan» партиясы қолданысқа енгізіп отыр.
Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызары анық.
Елдің болашағын бекемдейтін, халықтың мұң мұқтажына үлкен алаңдатушылық білдіретін азаматтар үшін праймериз жаңа белестердің бастаушысы болғалы тұр. «Nur Otan» партиясының жаңа тұлғалары осы праймериз аркылы қалыптасады жəне сайлау құқығына ие əрбір партия мүшесі үміткер бола алады.
Праймеризде жастар мен әйел азаматтар үшін арнайы квота сақталып отыр. Бұл дегенміз қоғаммен халық арасындағы іс-шаралардың бел ортасында жүрген нәзік жандылар мен жастар үшін мол мүмкіндік.
Осы праймериз арқылы қай ортада да ел-халықтың ахуалын айқындап, өзінің ашық ой пікірін жеткізе білетін белсенділер үшін әлеуметтік лифт ашылады.
Сондықтан да еліміздің болашағы үшін, беріліп отырған осы саяси мүмкіндікті пайдаланып, барша жерлестерімізді белсенділік танытып, қоғам үрдісіне үлес қосуға шақырамын!

18 тамыз 2020 ж. 838 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930