Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Праймериз белсенділерге зор мүмкіндік береді

Праймериз белсенділерге зор мүмкіндік береді

"Nur Otan" партиясының партияішілік сайлау яғни праймеризінде аудандық мәслихатқа үміткер ретінде, аудандық партия филиалы жанындағы "ВЧД-6" бастауыш партия ұйымынан ұсынылған "ВЧД-6" теміржол мекемесінің бастығы Орымбаев Арғын Қайрбайұлымен сұқбаттасқан едік. Назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетейік, Орымбаев Арғын Қайрбайұлы 6 шақырылымның аудандық мәслихат депутаты ретінде көптеген келелі істер атқарып жүрген азамат. Ол жыл сайын "Мектепке жол" акциясы аясында 30 балаға мектеп құралдары мен оқу формасына алып беруге демеушілік жасайды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде 25 тұрмысы төмен отбасыға 250000 мың теңгеге азық-түлік алып берді. Жыл сайын 25-30 отбасыны қысқа арналған қатты отынмен қамтамасыз етіп отырады. Халық қалаулысы мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше демеушілік жасап тұрады.
– Арғын Қайрбайұлы, "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысуға ниет білдіріп отырсыз, талабыңыз оң болсын! Сіз бұл бастама туралы қандай пікірдесіз?
– Рахмет. Бұл бастама яғни праймериз демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға зор серпін беретін нағыз патриоттарды қарапайым халық арасынан табуды мақсат етіп отырған ізгі қадам. Бұл іріктеуге барша қоғам қызығушылық танытып отыр. Оның біреуі өзім. Біздің қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын азаматтар өте көп. Бұл праймериз сондай белсенділерге зор мүмкіндік беріп отыр.
– Сіз мұнан бұрын да аудандық мәслихатта депутатсыз. Жұртшылықтың көзқарасында депутат деген ұғым мүлдем бөлек. Мұндай жағдайлармен ұшырасқан боларсыз...
– Көш жүре түзеледі. Халықтың депутатқа деген көзқарасы түзелді. Рас, ауыр кезеңдер болды. Қазір шүкір, жағдай жақсарды. Депутат жалақы алмайды, ол – қоғамдық жұмыс. Депутат деген Бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір. Халықтың жанайқайын жеткізуші. Қай жерде не мәселе бар, оның шешілу жолдарына ұсыныс беруші. Міне, нақты осындай анықтама айта аламын. Ұзын сөздің қысқасы, депутат атқарушы органмен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуге бірлесе атсалысатын тұлға.
– Егер сіз осы праймериз арқылы тағы да депутат болсаңыз, ел-халыққа қандай бағдарлама ұсынасыз?
– Әрине, алдағы уақытта осы бәсекеде сайлаушылардың қолдауына ие болып жатсам, өзімінің берік ұстанатын қағидаларыммен жұмыс жасайтын боламын. Оның ішінде ең алдымен әлеуметтік салаға баса назар аударамын. Атап айтар болсам жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік осал топтары яғни қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде жәрдем беру; елді-мекендердің инфроқұрылымын дамытуға үлес қосу; ауылішілік жолдарды жөндеу және электр жүйелерінің кедергісіз істе болуына ықпал ету т.б. Сенім үрдісінен шығып, құрғақ уадемен құлаш сермемей, әрбір сөзіме нық сеніммен жауап беру менің азаматтық ұстанымым.
– Арғын Қайрбайұлы сұқбатыңызға рахмет, сәттілік серігіңіз болсын!
Сұқбаттасқан Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Nur Otan» партиясы Қазалы
аудандық филиалының кеңесшісі
20 тамыз 2020 ж. 1 043 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930