Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкент қалашығында кешенді жұмыстар аяқталды

Жанкент қалашығында кешенді жұмыстар аяқталды

Сыр елінің Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар қорытындыланып, кешенді жұмыстар нәтижесінде бір бөлменің композициясы жасақталды.
Облыс әкімдігінің қолдауымен 2014 жылдан басталған кешенді қазба жұмыстары нәтижесінде қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, 30-ға жуық тұрғын үй орындары аршылып, біртұтас жүйе қалыптасқан.
Қазба жұмыстары биыл да жалғасып, облыстық бюджет есебінен археологиялық, республикалық бюджет қаражатынан қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Нақтырақ айтқанда, қалашықтағы консервацияланған бір бөлменің композициясы жасалып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін тарихи мүсіндер қойылған.
Бүгінгі күнге дейін қалашықтан 200-ге жуық бүтіндей экспонат табылып, облыс музейлері қорларына өткізілген.
Ал, қазіргі күні қалашықтың аумағы толық қоршалып, "JANKENT" стеласы бой көтерді. Әкімдіктің тікелей қолдауының нәтижесінде іске асырылған жұмыстар келешекте археологиялық парк қалыптастыруға және туристік орынға айналуға үлкен септігін тигізеді.
"Қазалы" ақпарат
11 тамыз 2020 ж. 677 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031