Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

Теледидар арылы сабақтар «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» телеарналарынан көрсетіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», - деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп осы арналармен қамтылу картасы дайындалды. Соның негізінде 604 елдімекенде осы каналдарға қол жетпейтіні анықталды, бірақ оның 314-інде ғана оқушы бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі. Сонымен қатар ол оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Оқулықтардың электрондық нұсқасы оқушылар мен мұғалімдерге QR-кодтар арқылы қолжетімді болады.


04 тамыз 2020 ж. 696 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031