Қазақстанда Абай мен Әл-Фарабиге арналған екі жаңа телеарна іске қосылады

ТВ жобалары 2020 жылы басталмақшы. Телеарналар елдің мәдениетін өркендету бағытынды жұмыс жасайтын болады.
"Біз Абай телеарнасын ертең - 30 маусымда іске қосамыз. Бұл Қазақстан ТРК телрадиокорпарациясының ішіне кіреді және отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған арна болады. Екінші телевизиялық жоба - Әл-Фараби арнасы «Хабар» агенттігінің базасында оқу жылының басында іске қосылады", - дейді Балаева.
Пандемия кезінде мұндай арналардың даму өзектілігі жоғары деп отыр министр.
"Әл-Фараби арнасы алты жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жаңа оқу-танымдық теледидар алаңына айналады. Мұндай арнаның өзектілігі әсіресе пандемиядан байқалды", - деп толықтырды министр.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпараттандыру мақсатында 2020 жылы мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы пайда болады.