Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет тамызда да жәрдемақы төлейді

Үкімет тамызда да жәрдемақы төлейді

Өткен ай елде қатаң карантин ережелерінің енуімен ерекше есте қалды. Нәтижесінде коронавирус жұқтырушылар мен одан ажал құшқан жандардың қатары азайып, емделіп шыққандар саны артып келеді. Бұл кеш те болса жүйелі жасалған жұмыстың нәтижесі екені анық.

Осы тұста Үкімет тамыз айында табысынан айырылған жандарға жәрдемақы тағайындаған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешеден бастап карантин режимін тағы екі аптаға создыруына байланысты тірлігі тұралап қалғандар мемлекеттен төртінші мәрте қолдау көретіні айтылды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, 2 аптаға созылған карантин уақытында азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның көлемі 21 250 теңге болмақ. Қазақстандықтар осы соманы міндетті түрде алады.
Әлеуметтік төлем алу үшін Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы өтініш беруге болады. Өтініш қабылдау уақыты 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тамыз айында табысынан айрылған қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік төлем жайында.
Шілде айында 42500 теңге әлеуметтік төлемін алған азаматтарға карантин шараларының 2 аптаға созылуына байланысты төменгі күнкөріс мөлшерінің жартысы автоматты түрде аударылады.
Жауапты тұлға әлеуметтік төлемге карантин ұзартылғаннан кейін алғаш рет өтініш берген жандардың жағдайы қалай болатынын да баяндады. Оның сөзіне сенсек аталған азаматтар күнкөріс көзінен айырылғаны расталса екі айдың төлемін бірге, яғни 63750 теңге (42500 теңге + 21250 теңге) алу мүмкіндігі қарастырылған.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
04 тамыз 2020 ж. 298 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930