Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42500 теңге қашан қолымызға тиеді?

42500 теңге қашан қолымызға тиеді?

Елдегі карантин тамыз айының басына дейін созылатынын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген соң халық арасында әлеуметтік көмектің әңгімесі өрбіп шыға келді. Тіпті кейбірі амандық сұраспас бұрын «42500 теңге қашан қолымызға тиеді?» деп мазасыз күй кешіп кетті. Ресми мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы айтқандай шілде айында мұқтаж азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов те төлем кімдерге және қашан берілетініне түсіндірме жасады.
– Өткен жолғы 42500 теңгенің тәжірбиесін ескере отырып, жалдамалы жұмысшылар үшін осы жолы өтінішті тек жұмыс берушілер ғана береді деп ұйғардық. Бұл жолғы төлем тек бір айға төленеді. Қаржы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі. Қордағы қаражат көлемі шектеулі екенін өткен жолы айтқан болатынбыз. Үкімет Ұлттық банк пен бірлесе отырып, бір апта ішінде қаражат мәселесін шешеді. Ал біз 17 шілде күні өтініш беретін порталдарды ашып, алдағы дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден ­бастап төлем тағайындауды бастаймыз, – деді министр Біржан Нұрымбетов.
Демек төлем карантин шектеулеріне байланысты ақысыз еңбек демалысына жіберілген немесе табысынан айырылған тұлғаларға беріледі. Бұл қатарға орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар қосылады. Ал кімдер өтініш бере алады?
Олар жалдамалы жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберген жұмыс берушілер және карантин кезінде жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар екен.
Өтініштерді бұрынғыдай 42500.enbek.kz сайты және egov.kz порталы арқылы жібере аласыз. Сонымен қатар телеграм боттарда қайта жұмысына кіріспек.
Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бұл жолғы 42500 теңгені алу үшін азаматтарға алдыңғыдай бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ. Өйткені өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың өткен жолы 42500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасағаны жеткілікті. Сол кездегі мәліметтер базада тұрған көрінеді. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүрген азаматтарды да жүйе арқылы тексеріп алады.
Осы ретте жәрдемақыны кімдердің алмайтыны жөнінде тілге тиек еткен жөн. Себебі алдыңғыдай барлық халық бірдей өтінім тастамас бұрын анық-қанығына көз жеткізген артық етпейді. Айта кетейік, бейресми жұмыс істеп жүрген тұлғалар бойынша АӘК алушылар, зейнеткерлер, студенттер және төтенше жағдай енгізілген күнге дейін бір рет БЖТ төлеп, кейін жұмыспен қамтылған азаматтар әлеуметтік жәрдемақыны ала алмайды.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
18 шілде 2020 ж. 603 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930