Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі өңірі коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Қазақстанның екі өңірі коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Мамандар арқаны кеңге салуға әлі де ерте екенін айтады. Себебі, пандемияның екінші кезеңі бас көтергенде ақ халаттылар сақадай сай болуға тиіс. Басқарма өкілдерінің айтуынша, қалада пневмония мен ЖРВИ дендегенде бірінен соң бірі ашылған стационарлық орындар әзірге жабылмайды. Олар келесі кезеңге резерв ретінде алынады.

Денсаулық сақтау саласының өкілдері алдағы уақытта науқастардың үйде жатып емделуіне басымдық бермек. Емханалар жанынан құрылған қосымша мобильді бригадалар саны қазір 197-ге жеткен. Осыған дейін олар 16 мыңға жуық науқасқа көмек көрсетіпті.
"Тұрғындар онлайн кеңестер ала алады. Онда дәрігерлер емделу жолдарын қашықтан түсіндіріп береді. Бұл адамдардың шоғырлануын болдырмайды. Бұл да өз кезегінде ауруды тезірек жеңуге сеп болмақ", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Дәулет Шорабаев.
Шымкенттік ақ халаттылар пендемияның екінші толқыны қашан басталатынын дөп басып айта алмады. Бұл халықтың санитарлық жағдайды қаншалықты ескеруіне байланысты екен. Салаға жауаптылар қазір екі айлық дәрі-дәрмек қорын да жасақтап, тиісті тапсырыстарын да әлден-ақ қамдап қойыпты.
Сонымен қатар, коронавирустың екінші толқынына Солтүсік Қазақстан облысындағы медициналық мекемелер де дайындалып жатыр. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлайды.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов 250 жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.
"Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Болжам бойынша, ол биыл күзде болады. Бізде науқастарды емдеу барысында жасанды тыныс алдыру аппараттарының жетіспеушілігі жоқ болғанымен, вирус жұқтырғандардың саны ұлғаяды деп ойлап отырмыз. Сондықтан біз дайын болуымыз керек", - дейді ол.
28 шілде 2020 ж. 384 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930