Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕС ДӘРІ

БЕС ДӘРІ

Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, оған тек қара нан, су берілуін талап етеді. Күндер зулап өтіп бара жатса да уәзір еш шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені тек қара су болса да, уәзірдің еш наразылық көрсетпей, қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:
– Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін.
Падишах қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген әмірін көмекшілерінің орындамағына қатты ашуланады. Уәзірге: “Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!”.
Сонда Уәзір:
– Бірінші дәрім – тәуекел! Аллаhқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.
Екінші дәрім – тағдырға ризашылық “Жазмыштан озмыш жоқ”. Маңдайыма жазылғандарға көніп, еш шағымданбаймын.
Үшінші дәрім – сабыр.
Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.
Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, – деп бес дәріні айтып, падишахты таң-тамаша қалдырған екен.
25 шілде 2020 ж. 779 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031