Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңге туралы толық мәлімет: Кімге, қалай, қашан беріледі?

42 500 теңге туралы толық мәлімет: Кімге, қалай, қашан беріледі?

ҚР Президентінің тапсырмасымен мұқтаж жандарға шілде айына 42 500 теңге тағы да төленетін болды. 17 шілдеден бастап жәрдемақыға өтінім қабылдау басталады. Осы орайда ҚазАқпарат агенттігі жәрдемақы алу жолдары туралы толық мәліметті ұсынады.
42 500 теңге кімге берілуі керек?
Біріншіден, бұл жәрдемақы карантин шектеулеріне қатысты ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы жұмыскерлерге беріледі. Бұл жерде өтінішті тек жұмыс беруші жібереді. Жұмыс берушілерге қойылатын бір ғана шарт – олардың жұмысы карантинде тоқтап қалса ғана беріледі. Оны жергілікті аудан, қала бойынша штаттар, Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері тексереді. Себебі, қазіргі шектеу шаралары жеңілдеу болғанымен, әр өңірде бас санитарлық дәрігерлер өз шектеулерін қойып жатыр. Екіншіден, карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындарға 42 500 теңге төленеді. Оны да аудан, қаладағы штаб пен салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады. Үшіншіден, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істеп жүрген фрилансерлер өтінішті өздері береді. Бұл өтініштер штаб арқылы өтпейді, тікелей жіберіледі. Бұл кісілерге бір шарт – осы 2020 жылы 6 айдың ішінде бір рет болса да зейнетақы жарнасының аударылуы. Бұл қатарға кәсіпкерлікпен ай сайын тұрақты түрде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрген кәсіпкерлер де кіреді. Соңғы санат – өз бетінше жұмыс істеп жүргендерге 42500 теңгені алуға болады. Бұл жолғы өзгеріс – өткендегідей БЖТ төлеудің қажеті жоқ, төтенше жағдай кезіндегі төлем ескеріледі.
Қай санатқа жәрдемақы төленбейді?
Мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті төлем алып жүргендер 42 500 теңге алмайды. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендер қатарына жатпайды. Егер де олар ресми жұмыс істеп жүрсе, олар үшін жұмыс беруші өтініш бере алады. Ресми жеке кәсіпкерлігі болса, жеке кәсіпкер ретінде де өтініш беруге мүмкіндігі бар. «Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем төлеп, миллиондаған адамдар өзінің бейресми жұмыс істегенін растады. Біз олармен хабарласып, 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тартқан болатынбыз. Егер ол азаматтар қазір жұмыс істеп жатса, әрине, олар бұл жолы 42 500 теңгені ала алмайды», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Жақын күндері жұмыстан шығып кеткендер де 42500 теңгеге өтінім бере алмайды. Олар Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы керек. Бұл орталық тұрғындарға ашық вакансияларды немесе басқа жұмыспен қамту шараларын ұсынады. Егер еш жұмыс лайық келмесе, үш күнде жұмыссыз ретінде тіркеледі және автоматты түрде Мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты басқа төлем бекітеді. Бұл жұмыссыздық төлемақысы 6 ай бойы беріледі.
Студенттер мен декреттегі әйелдер қандай жағдайда жәрдемақы алады?
Арнайы 42 500 теңге төлеу үшін «Студент», «Декреттегі әйел» деген санаттар қарастырылмаған. Яғни, студентке студент болғаны үшін жәрдемақы төленбейді. Бірақ егер де студент жалданып жұмыс істесе, карантин кесірінен ақысыз демалысқа жіберілсе, ол үшін жұмыс берушісі өтініш бере алады. Ал егер студент жеке кәсіпкер болып, ай сайын БЖТ төлеп жүрген кәсіпкер болса, ол жағдайда да 42500 теңге алады. Ал енді осы күнге дейін бейресми жұмыс істедім деп бір рет БЖТ төлеген студенттер 42500 теңге ала алмайды. Ал декретте жүрген әйелдерге ереже өзгеріссіз қалады. Бала бір жасқа толғанша декреттегі әйел мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сондықтан, оларға 42500 теңге берілмейді. Ал енді бала бір жастан асқан болса, жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберсе, әрине жәрдемақы ала алады. Егер оның жеке кәсіпкерлігі болып, тұрақты түрде БЖТ төлеп, жұмысы тоқтап қалса да 42 500 теңге ала алады. Өткендегі ТЖ кезінде бір рет БЖТ төлеп, бейресми жұмыс істегенін растаған әйелдер де 42500 теңге ала алады.
Арнайы СМС алғандар өтінішсіз-ақ жәрдемақы алады?
Министрлік 42500 теңге жәрдемақыны проактивті түрде тағайындау жолдарын да қарастырып жатыр. «Наурыз-сәуір айларында 42500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. Сіз өткенде 42500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба деген СМС жібердік. Иә деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сондықтан, бүгін СМС алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, «Сіз үшін өтініш қабылданды» деп жазылып тұрады», - дейді Б. Нұрымбетов.
Өтінішті қалай беруге болады?
Жалдамалы жұмысшылар үшін өтініш беретін жұмыс берушілер ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлері үшін ғана өтініш бере алады. Қашықтан, толық емес режімде істейтін, жалақысын толық алып жүрген қызметкерлерді қосуға болмайды. Оны аудандық штабтар тексереді. Өтінішті екі порталда: egov.kz – «электронды үкіметтің» веб-порталы және 42500.enbek.kz порталында тіркеуге болады. Онда кәсіпорынның БИН-і мен әр жұмысшының ЖСН-ын көрсеткенде барлық мәлімет шығуы тиіс. Порталға кіргенде 20 қызметкердің өтінішін топтастырып жіберуге болады. Ал жұмысшылардың өздері жіберген өтініш қабылданбайды. Олар 42500.enbek.kz порталында өз мәртебесін, өтініштің берілгені мен қандай сатыда қаралып жатқанын бақылай алады. Жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар өтінішті өздері береді. Олар екі порталға қосымша «Электронды үкіметтің» telegram-bot-тарын да пайдалана алады. Басқа азаматтар – жеке тұлғалар осы порталдар арқылы және Телеграм-бот арқылы өтінім бере алады. Оларға қойылатын бір ғана шарт – жұмыстарының шын мәнінде тоқтап тұрғаны. Оны аудандық штабтар мен салық комитеті тексереді. Өтініштер қай күндері қабылданады? 17 шілдеден бастап, egov.kz – «электронды үкіметтің» веб-порталы, 42500.enbek.kz порталы және Телеграм-боттар 42500 теңге жәрдемақыға өтініш қабылдауды бастайды. Бұл өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. «Бұл жолы осы күнге дейін үлгеру керек деген еш шектеу қоймаймыз. Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ порталдар 1 қыркүйекке дейін өтініш қабылдай береді», - деді Б. Нұрымбетов. Жалған мәлімет бергендер жазалана ма? Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға құқығы жоқтардың өтінім бермеуін өтінді. «Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келіп, карантинге байланысты табысынан қағылған жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер өтінім бере алады. Ал мұндай санатқа кірмейтіндер әлеуметтік төлем алуға тырыспай-ақ қоюларыңызды өтінемін. Бұл - жауапкершілік. Осы жолы порталдың төменгі жағында әрбір адам оқып, шектеу шараларына байланысты кірісінен айырылғанын растайтын белгіні белгілеуі тиіс болады. Ол ұсынған мәліметтері үшін мойнына жауапкершілік алады», - деді министр. Министрдің айтуынша, жәрдемақыны тиісті адамдардың алмағаны анықталса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатты кері қайтару туралы талап қоя алады. Егер жұмыс беруші жұмысын тоқтатпаған қызметкерлер үшін өтініш берсе, бұл – заңбұзушылық болып есептеледі. Мұнда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатты қайтару талабымен бірге, кәсіпорынды сотқа беруі де әбден мүмкін. Әрі қарай барлығы сот шешіміне байланысты болады.
www.inform.kz
17 шілде 2020 ж. 1 207 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930