Шілде айынан бастап жәрдемақы ұлғаяды
Шілде айынан бастап кейбір көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі, бұдан бөлек, елде электр энергиясы қымбаттайды, спортсүйер қауым үшін де жақсы жаңалық бар.
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы
Қазақстанда шілдеден бастап сегіз және одан көп баласы бар отбасылардың жәрдемақысы ұлғаяды.
Бұған дейін олар жеті бала үшін ғана жәрдемақы алып келген еді.
13 мамырда президент қолданыстағы жәрдемақыны кеңейтуді көздейтін заңға қол қойды. Оған сәйкес, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Аталған норма 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.
Сондай-ақ, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға қаңтар мен маусым айлары аралығындағы айырмашылық та төленеді.
8 және одан көп баласы бар отбасыларға арналған жәрдемақы
- 8 бала үшін – 88 896 теңге;
- 9 балаға – 100 008 теңге;
- 10 балаға – 111 120 теңге;
- 11 балаға – 122 232 теңге;
- 12 балаға – 133 344 теңге;
- 13 балаға – 144 456 теңге;
- 14 балаға – 155 568 теңге;
- 15 балаға – 166 680 теңге;
- 16 балаға – 177 792 теңге.