Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңгеге өтініш қай уақытқа дейін қабылданады?

42 500 теңгеге өтініш қай уақытқа дейін қабылданады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш қай уақытқа дейін қабылданады және қай санаттағы азаматтарға берілетінін айтты.
– Ертеңнен бастап шілде айына 42500 теңге төлеу жөнінде өтінім қабылдауды бастаймыз. Мұндағы жалпы негізгі қағидат – бұл төлем жұмыс істеп жүрген және карантиннің күшейтілген шараларына қатысты табысынан айырылғандарға төленеді. Біріншіден, бұл жәрдемақы карантиндік шектеулерге қатысты ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы жұмыскерлерге беріледі. Бұл жерде өтінішті тек жұмыс беруші жібереді. Жұмыс берушілерге қойылатын бір ғана шарт – олардың жұмысы карантинде тоқтап қалса ғана беріледі. Оны жергілікті аудан, қала бойынша штаттар, Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері тексереді. Себебі, қазіргі шектеу шаралары жеңілдеу болғанымен, әр өңірде бас санитарлық дәрігерлер өз шектеулерін қойып жатыр, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындарға 42500 теңге төленеді. Оны аудан, қаладағы штаб пен салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады.
Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар:
egov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
42500.enbek.kz порталы;
«Электрондық үкімет» telegram-bot-ы;
Aitu мессенджерінде42500.enbek.kz қосымшасы;
екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш бере алады.
Министр 42 500 теңгеге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасатынын атап айтты.
16 шілде 2020 ж. 539 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930