Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 пойыздың қозғалысы тоқтады

3 пойыздың қозғалысы тоқтады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құралған 3 коммерциялық жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар:
- № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау» рейсі. Пойыз Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Атырауға 2 шілдеде жетуі керек болған;
- № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал» рейсі. Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 2 шілдесінде шығып, Орал қаласына 3 шілдеде жетуі керек болған;
- № 701/702 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» рейсі. Алматы-2-ден 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалына 2 шілдеде жетуі керек болған.
Осы аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар ақшасын толық көлемде қайтара алады. Болмаса қолындағы билетін басқа уақыттағы рейске ауыстыру мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, билеттерді мына бағыт бойынша ауыстыруға болады:
- «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағдары;
- «Нұр-Сұлтан – Орал» бағдары; - «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағдары;
- Орал-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары;
- Петропавл-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары. «Бағдарлар бойынша қосымша ақпарат алу үшін 105 нөміріне (минутына 112 теңге) хабарласуға болады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген ыңғайсыздыққа байланысты жолаушылардан кешірім сұрайды», - делінген компанияның хабарламасында.

01 шілде 2020 ж. 1 166 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 603

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 045

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031