Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Некені QR-код арқылы тіркеуге болады

Министр: Некені QR-код арқылы тіркеуге болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысында egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін атады.
Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.

"eGovmobile" қосымшасы арқылы көрсетілмейтін қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айдың аяғына дейін бұл жұмысты тәмамдаймыз, – деді Жұмағалиев. 
Министр QR-код арқылы алуға болатын қызметтердің түрін айтып берді. 
 QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау (250 пішін). Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ, - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.
11 маусым 2020 ж. 933 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930