Өлі риза болмай, тірі байымас
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған Үндеуі көптің көңілінен шықты.
1993 жылы "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданып, бірқатар тұлғалар рухы тіріліп, ортамызға оралған. Дегенмен шетел асқан қандастар, соғыста тұтқынға түсіп қайтқандар, кеңес үкіметі пәрменіне қарсы күрескендер мен байқамай айтып қалған сөзі үшін себепсіз сотталып кеткендер қаншама?!
Дана халқымыз "Өлі риза болмай, тірі байымас" деп бекер өсиет етпеген. Шындығында аласапыран жылдарда жазықсыз айыпталаған азаматтар есімі жұртшылық жадында мәңгілік сақталуға тиіс. Бүгін осы олқылықтың орны толғандай күй кештік.
Президенттің бұл Үндеуі өзге елдермен тереземіз тең мемлекет екендігімізді дәлелдейтін саяси маңызы зор құжат болды. Өйткені халқымыз осы күнге дейін талай қиындықтарды бастан өткерді. Азаттық пен тәуелсіздік жолында мың өліп, мың тірілді.
Сонымен қатар үндеуде жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысы есте сақталатыны айтылғаны қуанышты. Бұл арқылы қаншама азаматтың ісі ақталып, тарих бетінде жаңа серпін туғызарына сенімім мол.

Бағила АХМЕТОВА,
Жанқожа батыр атындағы №70
мектептің тарих пәні мұғалімі