Жер телімдеріне желі тартылады
Биыл Қазалы ауданында көптеген игі істер атқарылады. Әйтеке би кенті, Қазалы қаласынан бөлек ауылдық жерлерде де ауқымды жұмыстар қолға алынады. Осындай жағымды жаңалықтар қатарына кенттегі «Аймақаш» мөлтек ауданынан ашылатын жаңа кварталды да қосуға болады. Енді тұрғын үй салу үшін кезекке тұрғандарға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері табысталмақ.
Қазалы ауданының құрлыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарының мәліметінше, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде, облыстық бюджеттің кредиттер есебінен Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, «Аймақаш» тұрғын ауданын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге 243,546 миллион теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде. Демек, аталған аймақта электр жарығы, көгілдір отыр және ауызсу желілері жүргізіледі. Жоба құны 243,546 миллион теңге. Құрылыстың ұзақтығы 8 ай. Тапсырысшы Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Қазіргі таңда электрмен жабдықтауда «Энергомера» ЖШС, ауызсумен, газбен жабдықтауда «Жылу-ХХІ» ЖШС жеңімпаз атанып, жерге орналастыру жұмыстары жүруде.
Мөлтек ауданның түбегейлі жоспарлау жобасына сәйкес, инфрақұрылыммен №170 мектеп аумағынан 5,2 шақырым газ, 4,1 шақырым электр және 6,7 шақырым ауызсу желісін жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Ұзындығы 5,9 шақырым болатын жолдар салуға өтінім тапсырылып, қаржысы күтілуде. Оң шешімін тапса, жол салу жұмысы да жанданады.
Инфрақұрылым желілері тартылған соң «Аймақаш» мөлтек ауданынан 115 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға табысталады. Жеке меншік жеріне қолы жеткен әрбір тұрғын баспана салуға мүмкіндік алады.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ