Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Шендер мен төсбелгілер бекетте табысталды

Қызылорда: Шендер мен төсбелгілер бекетте табысталды

Төтенше жағдайға байланысты елімізде барлық салтанатты шараларға шектеу қойылғаны белгілі. Осыдан да індетке қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген полицейлерді марапаттау бұл жолы басқаша форматта өтті.
Еңбегі еленген қызметкерлерді марапаттау үшін тосқауыл бекетіне облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре барды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан бекетте мереке күндері қызмет өткеріп жүрген тәртіп сақшыларына марапат пен шен табыстады.
Бектөре Жеңісбайұлы қызметкерлерді мерекелермен құттықтап, антына адал, сертіне берік қызметкерлердің отбастарына амандық, жұмыстарына табыс тіледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі Серікбол Тұңғышбай да қоғам тыныштығын күзеткендерге жылы лебізін арнады.
Биыл Ішкі істер министрінің бұйрығымен 9 полицей марапатталып, 2 қызметкер мерзімінен бұрын майор шенін алды. Сонымен қатар, департамент бастығының бұйрығымен 25 қызметкер мен 18 ардагер марапатталды.
08 мамыр 2020 ж. 863 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30