Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қай санаттағы адамдардың коммуналдық қызмет ақысын мемлекет төлейді

Қай санаттағы адамдардың коммуналдық қызмет ақысын мемлекет төлейді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
«Президент карантин енгізілген елді мекен тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді төмендету мәселесі бойынша кешенді шешім әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары бекітілді. Мынадай санаттарға көмек көрсетіледі: І және ІІ топ мүгедектері, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысы қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, қызметін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Шығындарды өтеу бойынша айтар болсақ, сәуір және мамыр айларына әр айға 15 мың теңгеден төленеді. Төлемдер тек әкімдікке берілген өтініш негізінде жүзеге асырылады», - дейді құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов. Оның айтуынша, жоғарыдағы топқа жататын азаматтар ақпараттық жүйе немесе саІІ-орталық арқылы өтінім беруі керек. «ЖСН, әлеуметтік мәртебе және жеке есепшотты ауызша айтсаңыз жеткілікті. Бізге өз бетімен өтінім беру қиынға соғатынын айтып хабарласатындар бар. Мұндай жағдайда оның атынан өтінімді жақындары бере алады. Сол адамның жақыны екенін дәлелдейтін құжат талап етілмейді. Өтінімді қабылдаған әкімдер мәліметтерді тексереді. Мақұлданған жағдайда есепшотқа ай сайын 15 мың теңге түседі. Әкімдік өтінімдерді қабылдай бастады. 15 мың теңге алуға болатыны расталған адамдар екі ай үшін 30 мың алады», - дейді ол.
02 мамыр 2020 ж. 255 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30