Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяққа алданбаңыз

Алаяққа алданбаңыз

Соңғы кездері алаяқтық уақыт ағымына сай түрлене түскені байқалады. Азаматтық құқық бұзушылықтың заманауи технологиялар арқылы жаңа әдістері пайда болуда. Соның бірі несиені үшінші адамдар арқылы заңсыз рәсімдеу, иелікте жоқ мүліктің сауда-саттығы, туысқандар туралы жалған мәліметтер беру, интернет арқылы алдап-арбаудың сан қилы айла шарғылары кездесуде.
Алаяқтық дегеніміз ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп арбау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу.
Биылғы жылдың осы мерзіміне дейін аудан көлемінде 5 дерек тіркеліп, оның 2-уі интернет арқылы алданған. Мәселен А. есімді азамат ауданданның 22 тұрғынын жұмысқа тұрғызып беремін деп, ақша жинап арам пиғылын іске асырған. Алайда тұрғындар оның қылмыстық іс-әрекетінен күдіктеніп, аудандық полиция бөліміне арызданған. Қазіргі таңда көпшілікті сарсаңға салған А. күзетпен ұстау изоляторына екі айға қамаққа алынды. Оның үстінен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Алаяқтың тағы бір тәсілі – ол интернет (Instagram, Facebook, Telegram, WhatsApp, VK, OLX.kz, Market.kz т.б. сайттар) арқылы арбауға түсіру. Бұл орайда белгісіз біреу, бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен мүлкін иемденген. Аудан тұрғыны Fa-Fa.kz ғаламтор желісіндегі сайтқа шығарылған жарнамаға байланысты Н. есімді азаматтың телефонына хабарласып, Ақтөбе облысынан тауар жеткізіп беретінін айтқасын карточкасына ақшасын аударған. Бірақ уәдесінде тұрмай, алдауға түсірген.
«Сақтансаң – сақтайды» деген. Сондықтан құрметті аудан тұрғындары, алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс. Егер жаңа танысыңыздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын (куәлік, сенімхат, сертификат, т.б.) көрсетуін сұраңыз. Әртүрлі себеппен ұсынысының орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Осылайша қылмыстың алдын алып, еңбектеріңізбен тапқан қаражаттың алаяқтың қолына түсуіне жол бермейсіз.

Бауыржан АБДРАШИТ,
Қазалы ауданы прокурорының
орынбасары
01 мамыр 2020 ж. 1 133 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031