Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады

Биыл информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады

Биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Білімді цифрландыру туралы жаңа іс-шаралар қойылды. Ең бірінші, бүкіл әлем елдері сияқты информатиканы ерте оқыту. Мысалы информатика 2017 жылы 7-сыныптан басталса, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Ал осы оқу жылынан бастап үшінші сыныптан басталады, бұл бір», - деді министр.
Оның айтуынша, 5-тен 11-сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.
«Оның ішінде бағдарламалау тілдерін қарастырып жатырмыз. Ескі тілдерді шығарып, жаңа бағдарламалау тілдерін енгізу туралы ұсыныс бар. Ол жұмыс енді басталды», - деді ол.
Сонымен бірге министр мектептердегі цифрлық білім беру ресурстарын қолдану деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.
13 ақпан 2018 ж. 1 742 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 59

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 85

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031