Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет талаптарына бағынып, тәртіпті мұқият сақтайық!

Мемлекет талаптарына бағынып, тәртіпті мұқият сақтайық!

ҚАДІРБЕК БЕКЕТОВ – еңбек ардагері:

- Қытайдан шығып әлемді жайлап жатқан короновирус біздің елімізге де келіп, күннен-күнге ауру жұқтырғандар саны өршіп барады. Күн сайын құлаққа жағымсыз хабарларды естіп, еңсеміз түсіп кетеді.

Елде Президенттен бастап жергілікті әкімдіктерге дейін қауіпсіздік шараларын қатаң қолға алып тәулік бойы дамылдамай жұмыс жасауда. Әсіресе, дәрігерлер мен құзырлы органдар. Біз халық болып осындай қиын-қыстау кезеңде оларға қолдау білдіруіміз қажет.

Я, елдің ішінде әзірге ол аурумен ауырған ешкім жоқ, ол деген сөз біздің елдің басшыларының алдын-ала жұмыс істеп, сақтандырғанының пайдасы деп білуіміз керек.
Қауіпті дерттің алдын алу үшін адам көп жиналатын орындарға бармай, гигиеналық тазалықты қатаң сақтайық.

Той-жиынды тоқтату туралы күнде айтылып жатса да, кейбіреулер бұған жеңіл-желпі оймен қарауда. Көріп отырмыз, кейбір тұрғындар төтенше жағдай режимін бұзып, болып жатқан жағдайларға салғырт көзқарас танытып жүр. Нәтижесінде, жауапкершілікке тартылып жатқандар бар.

Қадірлі ағайын! Айналамыз аман, төрт көзіміз түгел болсын десек, мемлекет талаптарына бағынып, тәртіпті мұқият сақтайық!

Талап күшейді, себебі індеттің таралуына жол бермеу қажет. Ол әрбіріміздің басымызға келер қауіп. Сондықтан, аудан тұрғындары санитарлық тазалықты, жеке бас гигиенасын сақтап, той-жиындарды уақытша шектеу керек, үйден шықпайық.
Мен баршаңызды осыған шақырамын, еліміз аман болсын, қауіпті індет таралмасын, Алла жар болсын!

#үйдебол
11 сәуір 2020 ж. 435 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930