Маңызды шешім қабылданды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде шағын және орта бизнес саласы бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданатынын айтты.
Президенттің бастамасы аудан тұрғындарын да ерекше әсерге бөледі. Қазіргідей қиын-қыстау кездегі төтенше жағдай үстінде шешім қабылдануы халыққа ерекше күш-жігер берді. Кәсіпкерлердің көңіліндегі бірқатар күдік сейілді.
Ондағы шағын және орта бизнес өкілдерінің биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылатындығы да ел кәсіпкерлері үшін үлкен қамқорлық деп санаймын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтитындығы ерекше қуантады.
Тағы бір айта кетерлігі, шағын және орта шаруа қожалықтары да осындай көмектен тыс қалмайды. Сонымен қатар мемлекет басшысы Үкіметке ауыл шаруашылығы жұмыстарына бөлінетін жанармайдың нарықтық бағасын 15 процентке түсіріп, 165 теңгеге дейін арзандатуды міндеттеді. Оны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатындығы дала еңбеккерлерінің ел ырзығының негізін қалау жолындағы талаптарына серпіліс берді.
Мұның барлығы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын төмендетпеу бағытындағы жасалып жатқан қадам. Сондықтан ел басшысының аудан кәсіпкерлері атынан ризашылық білдіреміз. Қауіп-қатерден жақын арада құтылу мақсатында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару – баршамызға ортақ міндет.

Ібайдулла ТІЛЕП,
«Тілеп» ЖШС директоры,
облыстық мәслихат депутаты
«Тілеп» ЖШС директоры,
облыстық мәслихат депутаты